• RUB:
    6.03
  • USD:
    518.31
  • EUR:
    567.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2025

«Майқайыңалтын» компаниясының  иесі ауысты

57 рет
көрсетілді

«Алтыналмас АК» АҚ «Rense Enterprises Limited»-ке тиесілі болған «Майқайыңалтын» АҚ-ның жарғылық капиталындағы 100% үлесін сатып алу мәмілесін сәтті аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпорынның «Алтыналмас» компаниялар тобына қосылуы оның тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттырады және тау-кен өндірісін тиімді жалғастыруға жағдай жасайды деп күтіліп отыр.

Былтырғы сәуір айында «Майқайыңалтын» АҚ акционерлері мен «Алтыналмас АК» АҚ арасында келісім орнағаннан кейін кәсіпорынға «Алтыналмас» тобының жоғары білікті мамандары тартылғаны мәлім. Олардың басты міндеті – апат салдарын жою, өндірістік қуаттылықтарды қалпына келтіру, инфрақұрылымды жаңғырту және барлық процестерді жоғары қауіпсіздік стандарттарына сәйкестендіру болды.

- 2024 жылдың тамыз айында кәсіпорында құрылыс-жөндеу жұмыстары басталды, ал қазан айында «Майқайыңалтын» АҚ кен орны қызметін қайта жандандырып, қараша айына қарай жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізді. Бұған қоса, бетон толтырмалау кешені іске қосылып,  қызметкерлердің әкімшілік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Келешекте өндірісті одан әрі жаңғырту және еңбек тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған инновациялық технологияларды енгізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта кәсіпорында өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру, өндірістік әлеуетті дамыту, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту және әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде компания қызметкерлерінің 95%-ы  - аймақтың жергілікті тұрғындары, - деп хабарлады «Алтыналмас АК» компаниясынан.

 

Павлодар облысы

Фото: «Алтыналмас АК»